Четверг, 21.11.2024, 11:19
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия

Главная | Регистрация | Вход Приветствую Вас Гость | RSS
Құрметті интернет қолданушылары! Бұл сайт үздік сайттар конкурсына қатысуда. Сондықтан да atyrauoblgim.ucoz.net сайтының администраторлары Сіздерден осы сайтқа дауыс берулеріңізді сұрайды. Ол үшін Сіздер төменгі жақтағы сауалнаманы басып, ашылған терезеден "БІЗДІҢ САУАЛНАМА" сілтемесін басу арқылы дауыс бере аласыздар. СІЗДЕРГЕ АЛДЫН-АЛА ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!
Сайт мәзірі
Сауалнама
Сайтты бағалау
Всего ответов: 933
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Нұрлыбек Ғилажұлы Даумов

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның негізін салушы директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент - мүшесі.

1958 жылдың 3 қыркүйегінде Атырау облысы Құрманғазы ауданы Котяев селосында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1975 жылы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосында Абай орта мектебін аяқтағаннан кейін 1975 жылы Орал қаласындағы  А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының химия- биология факультетіне оқуға түсті. 1978-1980 жылдары  Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.  1980-1984 жылдары Гурьев қаласындағы  Гурьев педагогикалық институтын  химия- биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, 1984 жылы облыстық спорт комитетіне қарасты балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы, оқу ісінің меңгерушісі болып, кейіннен директоры болды. 1988 жылдан бастап №16 орта мектептің алғашқы әскери пәні жетекшісі болып, кейіннен директоры болып қызмет атқарды.

         1990 жылы дарынды балаларға арналған жаңа экспериментальды мектеп–интернатының, қазіргі Атырау облыстық ұлттық гимназиясында директор болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін аталған гимназияда басшылық етеді.

1995-1999 жылдары облыстық мәслихат депутаты.

1993 жылдан бастап зерттеу жұмыстарымен айналысты.

2000 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жанындағы аспирантураға сырттай оқуға түскен. 

2000 жылдың 27 желтоқсанында ғылыми кеңес отырысының қаулысымен «Кәсіптік білімді информатизациялау» зертханасына тіркелді. Осы жылы «Оқытуды ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту» деп аталатын дисертациялық зерттеу тақырыбы бекітілді. 

2002 жылы ІІ Республикалық жастар және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі инновациялық әлеуметтік – педагогикалық жобалар фестиваліне қатысып, «Дарын» ғылыми – практикалық орталығының сертификатын иеленді.

2003жылы педагогика ғылымдарының кандидатық атағын қорғады.

2007 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі.

2011жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің педагогика мамандығы бойынша Доцент ғылыми атағы берілді.

2003 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі этнопедагогикалық проблемалар» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми педаогикалық конференцияға қатысып, «Үздік баяндамашы»  атанды. 

1993-2010 жылдар аралығында Республикалық басылымдарда 51 танымдық мақала және 6 ғылыми кітаптары жарық көрді.

Атап айтқанда:

1.         1993 жылы  педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Сейталиевпен бірлесіп жазылған «Атырау ұлттық гимназиясы. Бүгіні мен болашағы»

2.         «Жаңа ақпараттық комуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту әдістемесі»

3.         «Оқытуды ақпараттандыру процесі жағдайында оқушылардың зерттеу қызметінің қалыптасуы»

4.         «Оқушылардың зерттеу қызметін қалыптастыру барысындағы компьютердің ролі»

5.         «Жас зерттеуші тұлғасын қалыптастыруда жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдау әдістемесі» кітабы жарық көрді.  

6.         Этнопедагогика пәні бойынша лекциялар жинағы. Атырау 2009 жыл.

7.         2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен қатар келген, ұлттық гимназияның құрылғанына 20 толуына арнап жазған  «Тәуелсіздік тарту еткен ұлттық мектеп» атты кітабы жарық көрді.

    

Марапаттары:

1986 жылы спорттан Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы;

1991, 1994, 1996 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;

1998, 2004 жылдары облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы;

1992 жылы елеулі еңбегі үшін «ҚР Халық ағарту ісінің үздігі» атағы;

2005 жылы ҚР Конституциясы 10 жылдығына байланысты медаль;

2005 жылы еңбектегі табысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі;

2008 жылы «Дарын» Республикалық орталығы 10 жылдығына  төсбелгі;

2008 жылы «ҚР Білім беру ісінің еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгі; 

  2009 жылы «Дарын» Республикалық мектептер арасындағы «Ең үздік мұғалім атағы»;

2008 жылы Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі IV Республикалық фестивалінің «Ең таңдаулы директор» атағы;

2009 жылы ҚР Білім министрлігінің «Ең үздік ұстаз» атағы;

2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағы;

1999, 2007, 2009, 2011 жылдары Атырау облысының әкімінің Алғыс хаттары;

2012 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты;

2012 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгісі.

 

 


http://www.llk.kz/content/41694/41923?letter=%C3&page=61

Уақыт
<
Іздеу
Күнтізбе
Кіру формасы
Copyright MyCorp © 2024