Химия - биология
кафедрасының меңгерушісі
Аққайнанова Нүргүл
Химия- биология бағытындағы пәндер кафедрасының ғылыми - әдістемелік жұмысының
2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының химия-биология, география кафедрасы 2012-2013 оқу жылында жоспарлы негізде тұрақты жұмыс істей алады.
Жаңа оқу жылына арналған зерттеу жұмысының тақырыбы: «Оқу әдістерінің жаңа технологиясын пайдалана отырып, оқушыға нәтижелі білім беру»
Мақсаты:Оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру және жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту.Оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игерту.
Нысанасы:Оқытудың жаңа технологиялары негізінде мұғалімдердің шеберлігін арттыру.
Міндеттері:
· Әдістемелік қызмет құрылымын белгілі бір жүйеге келтіре отырып,шығармашылықпен жұмыс жасау;
· Білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайы және оның даму үрдісін айқындайтын нормативті құжаттардың мазмұнымен, білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуға негізделген реформалар және мұғалімдердің функционалды сауаттылықтарын дамытуға бағытталған оқыту технологиясынмен танысу;
· Жеке пәндерді оқыту методикасын талқылау;
· Оқушылардың білім дәрежесін бақылап және тексеріп уақытында айлық сынақтарының қорытындысын тексеріп бақылау;
· Мектепішілік оқу программаларының орындалуын бақылау және тексеру;
· Мұғалімдер мен кураторлар өзара методикалық тәжірибелер алмасу;
· Пән кабинеттердің жабдықталуын, тиянақты жүргізу;
· Озат мұғалімдерді, ғылыми педагогикалық жаңалықтарды насихаттау;
· Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға оқушылар дайындау;
· Шәкірттерді пәндік олимпиадаларға даярлау, қатыстыру;
· Кабинеттерге дидактикалық материалдар дайындау, оқушылардың өз беттерімен ізденістерін нығайту;
· Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту міндеттерін және методикасын зерттеу;
· Шәкірттердің танымдық белсенділіктерін арттыру бағытында сыныптан тыс шараларды жүйелі ұйымдастыру;
· Оқу жылы соңында мұғалім еңбегінің, шығармашылығының жетістігін бағалау.
Кафедраның 2012-2013оқу жылына арналған жұмыс жоспарының толық нұсқасы