Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
Облыстық ұлттық гимназияның 1990-2012 жылдардағы стратегиялық
даму жоспары
І кезең 1990-1998 жылдар
Тестілеуге дейінгі кезең
Гимназияны бітіруші
түлектер бітіру емтихандарын тапсыру арқылы ЖОО-на емтиханынсыз қабылданатын болды
1.Озық педагогикалық технологиялар мен
психологиялық тәжірибелерді негізге ала отырып, мұғалімдердің дарынды
балалармен жұмыс жасаудағы жаңаша жұмыс бағытын қалыптастыру.
2. Маман
кадрларды таңдап, іріктеп алу.
3. Мұғалімдердің
шығармашылық ізденіс жағдайына дайындығын анықтау.
4. Мұғалімдердің
шығармашылық шамаларына сай тәжірибедегі қолайлы әдістерді анықтау.
5. Оқушылардың
ғылыми қоғамының жұмысын жандандыру.
6. Оқу жоспары
мен арнайы оқу бағдарламаларын сараптау.
7. Шығармашылық
топ жұмысын нақтылау.
8. Ата-аналарға
психологиялық, педагогикалық бағытты түсіндіру.
ІІ кезең 1998-2003 жылдар
Тестілеу бағдарламасының енгізілуі
Мектеп бітіру
емтихандары мектептен, ал ЖОО-на түсу емтихандары кешенді тест түрінде ЖОО-да
тапсырылатын болды.
1. Педагогикалық диагностика жүйесін оқып үйрену
2. Оқушының жас ерекшелігін, қабілетін ескере
отырып, дифференциалды оқыту мазмұнын, түрін, әдісін анықтау.
3. Мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға
арналған психологиялық қызметті ұйымдастыру.
4. Бағдарлы пәндерді енгізуді жалғастыру,
тереңдетіп оқыту.
5. Оқушылардың қабілетін, бейімділігін дамыту
үшін мектептен, сыныптан тыс жұмыста қосымша білім алу үшін басқа мекемелермен
байланысты күшейту.
-Арнайы жекеленген оқу
курстарының бағдарламаларын немесе жекеленген тақырыптар бойынша бағдарламалар
жасау.
6. Педагогикалық шығармашылықтағы ұжымды
қалыптастыру.
7. Ғылыми зерттеу жұмыстарының мәдениетін
игеру.
8. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын
жетілдіру. Жеке бағдарлама жасау.
9. Ғылыми әдістемелік, практикалық семинарлар
ұйымдастыру
10. Оқу әдістемелік құралдарды құрастыру, жаңа
оқу бағдарламаларын топшылау.
ІІІ кезең 2003-2004 оқу жылынан бастап
Ұлттық Бірыңғай тестілеу
бағдарламасының енгізілуі
Оқушылар мектеп
бітіру емтихандары мен ЖОО-на түсу емтихандарын тест арқылы тапсыратын болды.
1. Дарынды балалармен
жұмыста әртүрлі әдістерді қолдану арқылы педагогикалық технологиялардың
мазмұнын және нәтижелілігін бағалау.
2. Дарынды балалармен жұмыста практикалық
рекомендация жүйесін жетілдіруге ұмтылу.
3. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті өмірге
енгізу, тарату, зерттеу әдісімен жетілдіру.
4. Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын,
әдістемелік-оқу құралдарын жасақтауды жандандыру.
5. Жеке мұғалімдердің іс-тәжірибесін
тарату
6. Жұмысты жинақтау, қорыту, қорытынды жасау.
7. ҰБТ –ге дайындау жұмыстарын нәтижелі түрде
ұйымдастыру
|
|
|