· Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар гминазия 1990 жылы халық депуттары облыстық атқару комитетінің 1990 жылы 26 маусымдағы №181 шешімі негізінде қабілетті балаларға арналған эксперименттік мектеп- интернат болып ашылды.
· 1999-2000 жылдары қабілетті балаларға арналған облыстық ұлттық гимназия, ал 2001 жылдан бастап Республикасы «Дарын» ғылыми практикалық орталығына қарайтын мектептер жүйесіне қосылды.
· Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту мен мемлекеттік қолдану туралы» № 3002 өкіміне сәйкес және Республикалық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының тұжырымы негізінде облыс әкімшілігінің 2002 жылғы 27 қаңтардағы № 75 қаулысымен облыстық ұлттық гимназия атауы «Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия» болып өзгертілді. Облыстық білім басқармасының 2 қыркүйек 2000 жылы 00006045 сериялы мемлекеттік лицензиясы тұрақты берілген.