Пятница, 17.05.2024, 13:05
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия

Главная | Регистрация | Вход Приветствую Вас Гость | RSS
Құрметті интернет қолданушылары! Бұл сайт үздік сайттар конкурсына қатысуда. Сондықтан да atyrauoblgim.ucoz.net сайтының администраторлары Сіздерден осы сайтқа дауыс берулеріңізді сұрайды. Ол үшін Сіздер төменгі жақтағы сауалнаманы басып, ашылған терезеден "БІЗДІҢ САУАЛНАМА" сілтемесін басу арқылы дауыс бере аласыздар. СІЗДЕРГЕ АЛДЫН-АЛА ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!
Сайт мәзірі
Сауалнама
Сайтты бағалау
Всего ответов: 928
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

«Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген, Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен»

Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелері негізінде көрсете білді.Бұл апталықтың негізгі мақсаты тәуелсіз, егемен ел халықтарының меймандостық, бауырмалдық қасиеттерін паш ету. Достық сезім, ынта- ықыласпен жалғасқан көш керуенді білім-білік, өнегелі тәрбиемен ұштастыру.Бұл ретте гуманитарлық кафедра мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізді.

Сабақтар барысында интерактивті тақта, мультимедия, т.б. техникалық құрал-жабдықтарды да оңтайлы пайдаланды.

Оқытудың озық технологияларын, әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалана білген ұстаздар сабақтарына талдау жасап, олардың іс- тәжірибелерін гимназия ішінде және облыс көлемінде тарату мақсатын көздеген апталықтың  міндеті де –осы.Апталық  барысында жекелеген мұғалімдердің ашық сабақтары, тәрбиелік шаралары: кездесу кеші, әдеби кештері өткізілді.

Қуандықова Эльмира  Абай қара сөздерінің идеялық мазмұны мен стильдік ерекшеліктерін ақын өлеңдерімен байланыстырып, 9 а сыныбында «Дананың сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында танымдық- шығармашылық бағытта ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында Абай қара сөздерінің түрлері, стильдік ерекшеліктеріне тоқталып, негізгі мәселе көзі етіп тәрбиесі жетілген толық адам қалыптастыру идеясы н өзекті мәселе етіп алды. Сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек» тобына бөліп, «Екі жақты түсіндірме күнделік», «Диалог- журнал» толтыру арқылы шығармашылық жұмыс түрлерін орындатты. Оқушылар арасында пікір туғызатын «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», «Би екеу болса, дау төртеу болады», «Оқу инемен құдық қазғандай» тақырыбында ой бөліс өткізілді. «Тосын сұраққа еркін жауап» үлгісінде де оқушылардың сөздік қорын байытып, ой еркіндігін шыңдайтын тапсырмалар берілді. Сабақ өз мәнінде өтті,оқушылар түгел қатысып, тиісті бағалар қойылды.

  8 а сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Мұқашева Г

 М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі кейіпкерлер тағдыры» тақырыбында  практикалық сабақ өткізді.Повестің мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, олардың іс-әрекеті арқылы өміртану идеялары негізгі тақырып болды. Сабақ барысында оқушылар повесті түгел оқып, оқулық көлемінен тыс тақырыптарда шығарма идеясын сөз етті. Оқушылар сызба-кестелер арқылы талдау шығарманың басты оқиғалар,қорғансыздар тақырыбы, кейіпкерлердің ішкі көңіл-күйлері, кейіпкерлердің іс-әрекеттері, портреттеріне жұмыстарын жасады. Проблемалық сұрақтар, ситуациялық тапсырмалар берілді. Оқушылар сабаққа зор ықыластарымен қатысты. Көркем шығармаға компазициялық талдау жасауда да шеберлік таныта білді. Сабақ құрылымы, тапсырмалар 

деңгейі сынып оқушыларының орындауына жеңіл әрі шығармашылық белсенділігін арттыруда тиімді тәсілдермен таңдалған.

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Сапиева А «Найзағайлы қара бұлттан от алған», азаттықтың арынды ақыны Қасым шығармашылығын қорытындылауды  дөңгелек үстел түрінде өткізді. Қазақтың қыран ұлы Қасым тағдырын сөз еткенде, майданнан «өлмес өмір өлеңін» айтып қайтқан ақынның туған жерге деген ыстық сезімі, сағынышы арқылы туған жерді сүю идеясы сөз болды. Қасымның патриоттық үлгідегі өлеңдері талданды, бүгінгі өмірмен өзектестірілді. Оқушылар  қызығушылығын арттыру мақсатында  «Қасыммен сырласу» «Қазақстан» телеарнасы дайындаған видео- ролик көрсетілді. Сабақ барысында жетекші сұрақтар арқылы оқушылар тарихшы, зерттеуші, әдебиеттанушы,өнертанушы,сарапшылар болып,өз пікірлерін ортаға салды. Қасым шығармаларындағы Абай, Пушкин, Мұқағали  өлеңдерімен өзектестігі, үндестігі талданып,теориялық талдаулар жасалды.шығармашылық тапсырмалар орындалды, оқушылар «өзге емес, өзім айтам, өз жайымды» тақырыбында өз туындыларын шығарып, сергіту мақсатында Қасым әндері шырқалды.  сынып оқушыларының   сабаққа дайындығы, өз беттерімен ізденісі, шығармашылық  жұмыс жасау деңгейлері өте жақсы. Сыныптағы да  ақындық  қабілеті бар оқушылар Жұмашев, Лесов, 

Қайыржанова, Райсова сынды оқушылар сабақты  поэзия   кешіне айналдырды деуге болады.

  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Кемалиева А  Ш. Құдайбердиевтің «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша практикалық сабақта баяндау, ой толғаныс, пікірталас алаңы, автор орындығы тәсілдерін пайдаланды. Үй тапсырмасы ретінде Шәкәрім поэмасына шолу жасалды.  Оқушылар Шәкәрімнің алты поэмасын компазициялық желісі бойынша баяндап айтып шықты. «Еңлік-Кебек» поэмасы жаңа сабақты меңгерту болғанмен, оқушылар алдын-ала поэмамен танысып келіп, оқиға желісі бойынша сюжеттік компазициялық құрылысына талдау жасалды.

   Кейіпкерлер бейнесіне образдық талдау жасауда семантикалық талдау үлгілері қолданылды. Поэмадағы екі жастың өліміне кім кінәлі тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Автор шешімімен келісесің бе, егер сен автор орнында болсаң, поэманы қалай аяқтар едің деген сауал төңірегінде шығармашылық ой пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, әдеби теориялық талдаулар жасалды.  Үй тапсырмасына «Махаббаттың қос шынары» тақырыбында ой-толғау жазу тапсырылды. Оқушылар    шығармашылығына, сөйлеу мәдениеті қалыптасуына  арналған тапсырмалар лайықты таңдалған. Ақындық  қабілеті бар балалар шығармашылығына да кезек берілді.

 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Капизова Г  О. Сүлейменовтың «Волчата» өлеңіне талдау жасау үшін сабақ барысында қасқыр ұғымына кластерлік талдау жасады. Оқушылар  шынайы өмірдегі қасқыр туралы оқыған, теледидардан, көрген, өзі кездескен оқиғалары туралы айтып берді, бұл ретте оқушының сөйлеу тілін дамыту барысында түрлі тапсырмалар берілді. Мәтінге талдау жасалды. Жетелеу сұрақтары, сөздік жұмыстары берілді. Жазба жұмыстар орындатылды, жаратылыстың иелері адам мен қасқырға салыстырмалы талдаулар жасалды. Сабақ барысында сөзталас (дискуссия)  өткізілді. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, жақтаушы, даттаушытоп болып пікір қорғады, нақты дәлел, фактілер келтірілді. Нәтижесінде, «Сколько волков корми, все в лес тянет», «Қасқырды қанша бақсаң да, орманға қарап ұлуын қоймайды» деген тоқтамға келді.

Сабақ тартымды, қызықты өтті. Оқушылар үшін  өміршең тақырыптағы сабақ қызықты формада таңдалған.Оқушылардың сөйлеу тілі жатық. Өз ойларын еркін  жеткізіп, ашық пікірталаста ойларын дәлелдей алды.

   Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейталиева Г 11  б сыныбында Пастернактың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Сабақ барысында Пастернактың әдебиет әлеміне келу жолы, ақындық, жазушылық кезеңімен қатар жеке бас өміріндегі сан түрлі тағдырларын оқушыларға жеткізу басты мақсат болды. Сабақта интерактивті тақта, композиторлар Чайковский, Скрябин,  Бахтың туындылары пайдаланылды. Оқушылардың жас ерекшелігі, қабілеттері ескеріліп, сабақ барысында талданылатын материалдар алдын-ала үй тапсырмасы ретінде беріліп, оқушылар түрлі үлгіде дайындалып келген. Слайд-преентайиялар арқылы өз жұмыстарын қорғады.Оқушыламен жүргізілген диалог- сұхбат та өз нәтижесін берді. Сабақтың шешуші кезеңінде оқушылар «Свеча горела на столе» өлеңін жатқа оқып, осы тақырыптағы романсымен салыстыра талдады.Оқушылардың өз ойларын орыс тілінде, жеткізе білулері, ғылыми ізденіс нәтижелері ескеріліп бағаланды.

Тарих пәні мұғалімі  Уралова Г   8 сыныпта «Ұлы жүздің Ресейге қосылуы» тақырыбында өткен ашық сабағымда деңгейлік және жетелеуші тапсырмалар арқылы оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруды мақсат етті.

Кешенді сатылай талдау жұмыстарын жетілдіру барысында бірнеше тапсырмалар құрастырылды . мультимедия пайдаланып, жекелеген оқушылар слайд- кестелер құрып, талдау жасады. Күй өнерімен байланыс жасалды. Даталарды, тарихи тұлғаларды, байланыстырып, сәйкестендіру, үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасау деңгейлері тексерілді.

Сабақ құрылымы, жоспарды құру  жүйелі.оқушылар түгел сабаққа қатысып отырды.  Мұғалімнің сатылай кешенді талдауға негізделген   кестелері әр  сабақта жүйелі пайдаланылды. Көрнекілік  презентация- слаид, электронды

оқулық таңдаған дискуссиялық  картасы, графикалық диктанты, үй тапсырмасын беру  ауқымы сабаққа қызмет етіп тұр.

Ағылшын тілі мұғалімі Таженова А 9а  сыныбында «Famous people» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: оқушыларға  әр елдегі атақтың адамдардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Сабақта слайдтар, интерактивти тақта, карточкалар пайдаланды.Әлемдегі ең, ең танымал тұлғаларды таныту және олар туралы жан- жақты мәліметтерді ағылшын тілінде айтып жеткізе алатындай дәрежеде оқушылардың  сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды негізгі мәселе етіп алды.  Сабақта слайдтар, интерактивті тақта, карточкалар пайдаланылды. Электрондық оқулықтағы тапсырмалар интерактивті тақта арқылы орындатылды. Ағылшын тілінде танымал әндер тыңдалды . Сабақ ауызша журнал түрінде өткізілді.

Ағылшын тілі мұғалімі  Амангелдиева Б 8 б сыныбында өткізген «Life in Britain» сабағында жаңа технологияның бір түрі Венн диаграммасы арқылы Британия еліндегі балалар мен Қазақстанда тұратын балалар өмірін салыстыру арқылы оқушылар шығармашылығы, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Интерактивті тақтаны қолдана отырып, жаттығулар жасалды. Британия елі туралы слайдтар көрсетіліп, тақырып нақты фактілермен түсіндірілді. Карта пайдалану арқылы пәндік байланыстар жасалды.СД арқылы балалар берілген мәтінді тыңдап, сол мәтіндегі сұрақтарға ауызша ағылшын тілінде жауап берді. Оқушылар тыңдауды, өз ойларын жеткізе білуді үйренді. Пазла құрастыру арқылы жаңа сабақта өткен сөздерді қайталап, аударма жасады.Оқушылар шығармашылығын қалыптастыруда «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында кейіпкерге сипаттама берілді. Сабақ соңында ән айтылды. Сабаққа оқушылар жақсы қатысты.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Сейталиева Г 11  б сыныбында Пастернактың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында Пастернактың әдебиет әлеміне келу жолы, ақындық, жазушылық кезеңімен қатар жеке бас өміріндегі сан түрлі тағдырларын оқушыларға жеткізу басты мақсат болды. Сабақта интерактивті тақта, композиторлар Чайковский, Скрябин,  Бахтың туындылары пайдаланылды. Оқушылардың жас ерекшелігі, қабілеттері ескеріліп, сабақ барысында талданылатын материалдар алдын-ала үй тапсырмасы ретінде беріліп, оқушылар түрлі үлгіде дайындалып келген. Слайд-преентайиялар арқылы өз жұмыстарын қорғады.Оқушыламен жүргізілген диалог- сұхбат та өз нәтижесін берді. Сабақтың шешуші кезеңінде оқушылар «Свеча горела на столе» өлеңін жатқа оқып, осы тақырыптағы романсымен салыстыра талдады.Оқушылардың өз ойларын орыс тілінде, жеткізе білулері, ғылыми ізденіс нәтижелері ескеріліп бағаланды.

Дармұханова А  9 в сыныбында «Құқық және оның пайда болуы» тақырыбында өткізген  қайталау сабағында оқушылардың іздену- зерттеу істеріне ерекше мән берді.сабақ барысында қорытынды қайталау сұрақтары «зымыран сұрақтар» үлгісінде жауап алынды. Тәуке хан, Қасым, Есім, Шыңғыс хандардың заңдар жинағын  саралап талдады.

Сабақтың әр кезеңінде ҚКСР Конституциясы мен КСРО Конституциясына салыстыру жұмыстары жүргізілді. «ҚР азаматтық туралы» заңын оқушыларға жете түсіндіру үшін  ситуациялық тапсырмалар берді.Сабақ қорытындысында сауалнама жүргізіліп, деңгейлік тапсырмалар  арқылы оқушылар шығармашылығына баға берілді.Сабақ тартымды өтті.

«Арманы асқақ, мақсаты биік, талабы таудай жастармыз.

Өнер жолын, білім көшін болашаққа бастармыз»

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университеті студенттерімен өткен достық кездесу кеші де өте әсерлі болды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік    университеті қазақ тілі кафедрасының доценті  Махимова Жұмазия  және Атырау мемлекеттік университеті студенттерімен өткен кештің І бөлімі «Сәлем-сөздің атасы»   деп аталды. Бұл бөлімде екі топ әзіл-сықақпен, жеңіл      күлкімен  өз топ мүшелерін және оқу орындарын таныстырса, «Туған жердің әнге қосқан бақытын, Ақындарым-жауһар жырлы жақұтым» деп аталатын бөлімде сайыскерлер Атыраудан түлеп ұшқан ақындардың туған жерге сағынышын өлеңмен өрнектеді. Мұрат, Махамбет, Хамит, Әбу, Жұмекен, Фариза,Нұралы,Қадыр ақындардың өлеңдері оқылып, Т. Досымовтың, М. Ершуованың әндері шырқалды. Әдеби компазиция түрінде сахналануы тиіс бұл  бөлімде гимназия оқушыларының дайындығы ерекше көзге түсті.

Мұхтар драмматургиясы бойынша  сахналық көріністер көрсету де өте әсерлі болды.

 «Сөзмерген », сауалнама тапсырмаларын беру арқылы да оқушылар білімі, білігі сынға түсті.   

       «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,тауып айтқан сөзге шың жетпейді» деп аталатын  соңғы бөлімде  1.Қалауын тапса, қар жана ма?2.Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді ме? Сынды сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар «Достық көпірінде» өз туындыларын кезекпен таныстырып,  (прозалық, поэзиялық) шығармашылық үндестік  орната білді.

8 сыныптар арасында өткен «Көңілді тапқыштар» өнерлері де оқушылар мен ұстаздар ға көңілді кеш сыйлады.  Орыс тілі пәні мұғалімі Капизова Г ұйымдастырған бұл шарада  орыс халқының мақал-мәтелдері, кемеңгерлердің нақыл сөздері арқылы  сыйластық, адамгершілік этикаларын  қалыптастыру басты мақсатқа айналды.  Сайыскерлер өз топтарын  таныстырып және қарсыластарына «Угадай название нашей команды» деген сауалнаманы тастады. Ал үй тапсырмасы ретінде сахналық көрініс, инсценировкалар қойылды. Және әр топ басшылары «не спешу-пишу, в тетрадь- пять,щенка-пока помогите найдите» деген сөздерді ұйқастырып өлең шығару тапсырылды. Сөз танымдық мақсатта түрлі сергіту тапсырмалары берілді. «Слово- змейка», конкурс болельщиков, «отгадай слово», «угадай знак», «составь текст» т.б. тапсырмалар берілді.

Категория: Мои статьи | Добавил: nasipzhan19833 (14.09.2012)
Просмотров: 3247 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Sergtinly  
0
<a href=http://zmkshop.ru/kontakty/>металлическая капитель</a>

Имя *:
Email *:
Код *:
Уақыт
<
Іздеу
Күнтізбе
Кіру формасы
Copyright MyCorp © 2024