АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТҰҢҒЫШ АШЫЛҒАН 23 ЖЫЛДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНАТТЫҚ МЕКЕМЕСІ БАР ҰЛТТЫҚ ГИМНАЗИЯ
2014 - 2015 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ.
Мектептің мақсаты:
Ұлттық салт - дәстүрді насихаттай отырып, ұлтжанды, адамгершілігі мол жастарды тәрбиелеу және оқытатын бағыттары бойынша терең сапалы де білім беру, ғылымға жол ашу, жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
Оқыту жүйесі:
Шәкірттерді оқыту екі бағытта жүргізіледі.
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша оқұушылар қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, этнография, этнопедагогика және ағылшын тілін терең меңгереді. Қазақтың ұлттық өнеріне, ақындық және айтыс өнеріне назар аударылады.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша шәкірттер физика, математика, информатика пәндерін тереңдетілген бағдарламалар бойынша оқиды. Жоғары оқу орындарына түсуге арналған қиындатылған есептерді шығару жолдарын меңгереді.
Оқыту мерзімі: 4 жыл. Оқуға 8 сыныптан бастап қалған бағыттары бойынша конкурстық негізде қабылданады. Ауданнан келген балалар жатақханамен тегін қамтамасыз етіледі.
Шәкірттер таңдаған бағыттары бойынша төмендегі пәндерден емтихан тапсырады:
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 1. Психологиялық тест;
2. Қ азақ тілі мен әдебиеті (ауызша);
3. Математика (жазбаша);
4. Қазақстан тарихы (ауызша)
Жаратылыстану - математика бағыты: 1. Психологиялық тест
2. Қазақ тілі (жазбаша);
3. Математика (ауызша);
4. Физика (ауызша)
Оқуға түсуге қажетті құжаттар: 1.Ата-ананың мектеп директорына өтініші; 2.Оқушының жеке өтініші; 3.Оқушының сыныптан сыныпқа көшу табелі 5-7 сынып. ( көшірме, мектеп директорының мөрімен куәландырылған) 4.3х4 фото (4 дана); 5.Файл папка
Құжаттар 5 мамыр - 2 маусым аралығында қабылданады. Консультация 27 мамыр мен 7 маусым аралығында жүргізіледі. Қабылдау емтихандары 9 маусым мен 18 маусым аралығында өтеді.
Уақытша мекен-жайымыз: Атырау қаласы. Авангард. 4 м/а Владимирская көшесі 28, №1 Облыстық интернат ғимараты
Атырау облыстық ұлттық гимназия,
Тел/ факс 21-30-06. e-mail: atyrauoblgim@mail.ru
(Атырау облыстық ұлттық гимназия ғимаратының жаңадан салынып жатқандығын ескерте отырып, қабылдау жұмысы уақытша жоғарыда көрсетілген мекен-жайы бойынша жүретіндігін қаперіңізге береміз)
|